15.01.2025
«Жетісу» футбол клубының бас директоры тағайындалды
Фото: «Жетісу» ФК
Марк Гурман Михайлович – «Жетісу» ФК бас директоры болып сайланды.
Марк Гурман – Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы. Ұлттық құрама жейдесінде 26 ойын өткізген, сондай-ақ мансабында «Қайрат», «Астана», «Қызыл-Жар», «Тобыл», «Қайсар» және израилдік «Хапоэль» мен «Маккаби Ахи» сынды командаларының құрамында доп тепкен.
Аталмыш маманның кәсіби мансабында жеткен жетістіктері: Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері, Қазақстан суперкубогының иегері, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.
Еске сала кетейік, талдықорғандық клуб өткен QFL маусымының 24 ойынында 23 ұпай жинап, чемпионатты 11 орынмен аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи