17.01.2025

Универсиада-2025: Қазақстандық парашаңғышылар қоржынға тағы екі жүлде салды

Универсиада-2025: Қазақстандық парашаңғышылар қоржынға тағы екі жүлде салды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан, қысқы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды.

Роман Құрбанов ерлер арасындағы 1400 метрге спринт жарысында мәреге үшінші болып жетіп, Универсиада ойындарының 2 дүркін қола жүлдегері атанды.

Роман көзі нашар көретін спортшылар санатында жарыс жолына шықты. Ел намысын әлемдік аренада қорғаған парашаңғышы Қостанай колледжінің студенті болып саналады.

Денис Зиновта дәл осы қашықтықта сынға түсіп, ел қоржынын тағы да күміс медальмен толықтырды.

Денис Қазақ спорт және туризм академиясында білім алады.

Еске сала кетейік, осыған дейін аталған екі спортшыда Туринде өтіп жатқан универсиадада жеңімпаздар тұғырынан көрініп үлгерген. 10 шақырымдық еркін жүрісте Денис Зинов – күміс медаль, ал Роман Құрбанов – қола жүлде жеңіп алған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас