22.01.2025

Бейбіт Жұқаев Португалиядағы челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті

Бейбіт Жұқаев Португалиядағы челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті

Бүгін, 22 желтоқсанда Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде Бейбіт Жұқаев 1/8 финалға өтті.

Ол 1/16 финалда португалиялық Гаштау Элиаштен кездесіп, 2:0 (6:3, 6:2) есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бірінші сетте Бейбіт екі брейк жасап, жеңіске жетті, дәл осындай жағдай екінші сетте де қайталанды. Ойын 1 сағат 4 минутқа созылды. Нәтижесінде Бейбіт 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Келесі айналымда оның қарсыласы тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Попко болмақ.

ATP челленджер Оэйраш 5. 1/16 финал
Бейбіт Жукаев – Гаштау Элиаш – 2:0 (6:3, 6:2)


1/8 финал матчы ертең, 23 желтоқсанда Астана уақытымен 15:00-де өтеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас