23.01.2025

Биатлоннан әлем кубогына қазақстандық үш спортшы қатысады

Биатлоннан әлем кубогына қазақстандық үш спортшы қатысады

Фото: olympic.kz

Бүгін, 23 қаңтарда Италияның Антхольц-Антерсельва қаласында биатлоннан Әлем кубогының келесі кезеңі басталады.

Жарыс бағдарламасын әйелдер арасындағы спринт ашпақ. Қатысушылар 7,5 шақырым қашықтықты еңсеріп, екі ату межесінен өту қажет.
Аталыш жарыста Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды: Полина Егорова, Ольга Полторанина және Елизавета Белецкая.

Жарыс Астана уақытымен 18:30-да басталады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас