3 сағат бұрын

Астанадағы шайбалы хоккей мектебі қалай жұмыс істейді?

Астанадағы шайбалы хоккей мектебі қалай жұмыс істейді?

2002 жылы құрылған №10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі жас хоккейшілерді тынымсыз жаттықтырып, отандық спорттың дамуына үлес қосып жатыр. Бұл жерде 6 жас пен 18 жас аралығындағы 500-ден астам бала күнделікті жаттығады. Тек елорда ғана емес, республика деңгейінде де үздік мектептің бірі ретінде танылған.

«Астана қаласында бізде және «Тарлан» спорт кешенінде балалар тегін жаттыға алады. Кәсіби клубтардан ерекшелігіміз – бұқаралық спортқа ден қоямыз. Соның арқасында таңғы 6 жарымнан кешкі 8-ге дейін 500-ден астам бала тегін жаттығады. 6 жастан бастап қабылдап, алғашында мұз айдынында сырғанауға бейімдейміз. 8 жастан бастап бала түрлі жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан чемпионатына қатысады. Иә, бірнеше жыл бұрынғы статистикамен салыстырар болсақ, мектебіміздегі балалардың саны аздау. Себебі, 2-3 жылдан бері жеке секциялар көптеп ашылуда. Олар балаға мектептегі сабақ кестелеріне сай, тиімді графикті ұсына алады. Әйтсе де 20 жылдан астам уақытта біз ұлттық құрамада ойнаған-ойнайтын көптеген хоккейшілерді шығарып келеміз», - деді №10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің әдіскері Дамира Сахарбаева.

7 ақпан күні алауы тұтанатын Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында да бұл мектептің 6 хоккейшісі ел намысын қорғап жатыр.

«5 жылдан бері шайбалы хоккеймен шұғылданамын. Бірінші кезекте физикалық жағынан шыңдалуға өте қатты көмектесті. Күнделікті жаттығудың арқасында тәртіпті қалыптастырып, әр бос уақытымды тиімді пайдалануға үйрендім. Александр Овечкинді үлгі тұтамын. Өскенде мен де атақты хоккейші болғым келеді. Сондықтан қазір жаттығуға кешікпей, тоқтамай еңбектенудемін», - деп 2011 жылғылар арасындағы Астана қаласының хоккейшісі Әлихан Манат пікір білдірді.

Таңғы жаттығудан кейін мектептің тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионатының кезекті туры аясында Өскемен қаласының жас хоккейшілерімен күш сынасты.

Тимофей Скатов Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис 57 минут бұрын

Тимофей Скатов Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

«Медеу» мұз айдыны халықаралық жарыстарды қабылдау талаптарына сай болады

Басқа 2 сағат бұрын

«Медеу» мұз айдыны халықаралық жарыстарды қабылдау талаптарына сай болады

Жас теннисшілеріміз Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

Теннис 2 сағат бұрын

Жас теннисшілеріміз Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

«Тобыл» клубының легионері Ресей мен Қазақстандағы тамақтарды салыстырды

Футбол 2 сағат бұрын

«Тобыл» клубының легионері Ресей мен Қазақстандағы тамақтарды салыстырды

«Реал Мадрид» клубы Криштиану Роналдуды құттықтады

Футбол 2 сағат бұрын

«Реал Мадрид» клубы Криштиану Роналдуды құттықтады

Қысқы Азия ойындары: Шайбалы хоккейдегі ең ірі ТОП-5 жеңіс

Хоккей 2 сағат бұрын

Қысқы Азия ойындары: Шайбалы хоккейдегі ең ірі ТОП-5 жеңіс