16.02.2025
Шайбалы хоккейден қысқы Азия ойындарының чемпиондарын салтанатты түрде күтіп алды

Бүгін елге Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жеңімпазы - хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы және күміс жүлдегер атанған әйелдер құрамасы оралды.
Астана қаласының халықаралық әуежайынан оларды туыстары, жанкүйерлер, Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, федерация өкілдері мен журналистер ыстық ықыласпен күтіп алды.
