17.02.2025
Ғалым Мамбеталиев ҚХЛ-дың ең нашар бапкері деп танылды

Фото: «Барыс» ХК
Ресейлік Чемпионат.com порталының редакциясы құрлықтық хоккей лигасындағы бапкерлер рейтингін жариялады.
Тізімді құрау барысында команданың бапкерге деген сенімі, клубтың осы маусымдағы көрсеткіштері, ойын сапасы мен өзара түсіністігі есепке алынған.
Апта сайын жаңарып отыратын рейтингте қазақстандық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері тағы да соңғы орынға орнықты.
- Виктор Козлов, «Салават Юлаев»
- Ги Буше, «Авангард»
- Алексей Кудашов, «Динамо Мәскеу»
- Андрей Разин, «Металлург»
- Бенуа Гру, «Трактор»
- Игорь Никитин, «Локомотив»
- Андрей Козырев, «Северсталь»
- Николай Заварухин, «Автомобилист»
- Вадим Епанчинцев, «Сибирь»
- Алексей Жамнов, «Спартак»
- Игорь Ларионов, «Торпедо»
- Илья Воробьёв, ЦСКА
- Анвар Гатиятулин, «Ак Барс»
- Леонид Тамбиев, «Адмирал»
- Дмитрий Квартальнов, «Динамо Минск»
- Роман Ротенберг, СКА
- Сергей Зубов, «Сочи»
- Олег Леонтьев, «Нефтехимик»
- Михаил Кравец, «Куньлунь»
- Павел Десятков, «Витязь»
- Павел Зубов, «Лада»
- Виктор Костючёнок, «Амур»
- Ғалым Мамбеталиев, «Барыс»
Айта кетейік, Ғалым Мамбеталиев шәкірттері бүгін магнитогорскілік «Металургқа» қарсы матч өткізеді. Аталған ойын сағат 19:30 жоспарланған.
Елордалық клуб ҚХЛ шығыс конференциясында 55 ойында 29 ұпай жинап, соңғы орында келеді.
