8 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 17 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 17:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 61 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің екеуінде қазақстандық ұжым аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 35 ұпаймен 23-орында тұрса, «Сибирь» 66 ұпаймен 16-орында келеді.

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде екі ойынын Астанада өткізеді.

Алдымен елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Амурға» есе жіберді.


Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Футбол 30 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Басқа 36 минут бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Футбол 41 минут бұрын

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Күрес 1 сағат бұрын

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Елдос Сметов елге қашан келеді?

Дзюдо 1 сағат бұрын

Елдос Сметов елге қашан келеді?