4 сағат бұрын
ҚХЛ бапкерлері рейтингі жаңарды: Ғалым Мамбеталиев қай орында?

Фото: «Барыс» ХК
Ресейлік Чемпионат.com порталының редакциясы құрлықтық хоккей лигасындағы бапкерлер рейтингін жариялады.
Тізімді құрау барысында команданың бапкерге деген сенімі, клубтың осы маусымдағы көрсеткіштері, ойын сапасы мен өзара түсіністігі есепке алынған.
Апта сайын жаңартылып отырған рейтингте қазақстандық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Ғалым Мамбеталиев өткен аптадағы 22-ші орнын сақтап қалды.
Жақша ішіндегі сандар бапкерлердің өткен аптадағы рейтингтегі орнын білдіреді.
- Алексей Кудашов (3) – «Динамо Мәскеу»
- Бенуа Гру (4) – «Трактор»
- Ги Буше (1) – «Авангард»
- Виктор Козлов (5) – «Салават Юлаев»
- Андрей Разин (6) – «Металлург»
- Роман Ротенберг (9) – СКА
- Игорь Никитин (7) – «Локомотив»
- Дмитрий Квартальнов (2) – «Динамо Минск»
- Николай Заварухин (12) – «Автомобилист»
- Алексей Жамнов (17) – «Спартак»
- Илья Воробьёв (8) – ЦСКА
- Анвар Гатиятулин (11) – «Ак Барс»
- Олег Леонтьев (14) – «Нефтехимик»
- Игорь Ларионов (10) – «Торпедо»
- Андрей Козырев (13) – «Северсталь»
- Павел Десятков (18) – «Витязь»
- Леонид Тамбиев (15) – «Адмирал»
- Вадим Епанчинцев (20) – «Сибирь»
- Павел Зубов (16) – «Лада»
- Михаил Кравец (19) – «Куньлунь»
- Виктор Костючёнок (21) – «Амур»
- Ғалым Мамбеталиев (22) – «Барыс»
- Сергей Зубов (23) – «Сочи»
Айта кетейік, «Барыс» соңғы аптада «Адмиралды» 5:4 есебімен жеңсе, «Амурға» 2:5 есебімен есе жіберді.
Елордалық клуб ҚХЛ шығыс конференциясында 65 ойында 35 ұпай жинап, соңғы орында келеді.
