5 сағат бұрын
«Барыс» командасының бұрынғы хоккейшісі қайтыс болды

Фото Роман Кручинин, photo.khl.ru
«Барыс» командасының бұрынғы хоккейшісі Томаш Клоучек 45 жасында тау шаңғысы курортындағы апта салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Sport12kz.
Чехиялық хоккейші 2008-2011 жылдарда астаналық команда құрамында ойын көрсетті. Сондай-ақ ол Құрлықтық хоккей лигасында Попраданың «Лев» клубының намысын қорғады.
Ал Ұлттық хоккей лигасында «Нью-Йорк Рейнджерс», «Нэшвилл Предаторз» және «Атланта Трэшерз» клубтары сапында ойын көрсетті.
