6 күн бұрын
Биылғы маусымда «Барыс» клубынан кімдер жақсы ойнады?

Спорттық телематика деректері бойынша ҚХЛ клубтарының әрқайсысының үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорттық телематика (STM) континентальды хоккей лигасының жобасы. Нақты уақыттағы STM жүйесі жоғары дәлдіктегі және визуализацияланған статистиканы толығымен автоматты режимде ұсынады. STM аналитикасы әр ойыншының және жалпы команданың күшті жақтарының объективті бейнесін береді.
Сонымен, оның мәліметтеріне сәйкес:
Әділ Бекетаев қорғаушылар арасында пас беру дәлдігі бойынша «Барыстың» үздік ойыншысы атанды – оның есебінде 1452 пас бар.
Сондай-ақ, Бекетаев екі көрсеткіш бойынша командада үздігі атанды – хоккейші 264.126 метр қашықтықты және шайбамен 16.947 метр қашықтықты көрсетті. Ол «қашықтық» көрсеткіші бойынша Шығыс конференциясының ойыншылары арасында жетінші орында.
Ағымдағы маусымда 26 жастағы ойыншы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында 62 кездесу өткізіп, 19 (5+14) ұпай жинады.
«Барыстың» ең жылдам ойыншысы Никита Сетдиков болды.
Оның жылдамдығы 37.3 км/сағ болды.
Ағымдағы маусымда 29 жастағы форвард ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында 51 матч өткізіп, 18 (9+9) ұпай жинады.
