1 күн бұрын

Pro Hokei Ligasy: «Сарыарқа» автоматты түрде қола жүлдегер атанды

Pro Hokei Ligasy: «Сарыарқа» автоматты түрде қола жүлдегер атанды

Фото: Pro Hokei Ligasy

Хоккейден Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі үшін өтуі тиіс ташкенттік «Хумо» мен қарағандылық «Сарыарқа» арасындағы кездесу болмайтын болды.

Pro Hokei Ligasy регламентіне сәйкес (8-бөлім, 42-баптың 10 және 11-тармақтары) ел чемпионатының жүлделеріне тек отандық клубтар ғана ие бола алады. «Хумо» біріншілікке Өзбекстан атынан қатысқаны үшін, үздік үштіктің қатарынан көріну мүмкіндігінен айырылды.

Осылайша, қола жүлде сарапқа салынуы тиіс болған «Хумо»  мен «Сарыарқа» арасындағы матч өткізілмейді. Нәтижесінде, қарағандылық ұжым Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Pro Hokei Ligasy финалында «Арлан» (Көкшетау) мен «Торпедо» (Өскемен) шеберлік байқасады. Төрт жеңіске дейін ұласатын ақтық серияның алғашқы кездесуі 7 сәуір, Көкшетау қаласында өтеді.

«Ақтөбе» футбол клубы жаңа ойыншысын таныстырды

Футбол 38 минут бұрын

«Ақтөбе» футбол клубы жаңа ойыншысын таныстырды

Әлем кубогы: Дәулет Төлемісов чемпион атанды

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Дәулет Төлемісов чемпион атанды

Франция чемпионаты: ПСЖ мезгілінен бұрын чемпион атанды

Футбол 2 сағат бұрын

Франция чемпионаты: ПСЖ мезгілінен бұрын чемпион атанды

Финалдағы камбэк: Қазақстан алғашқы Әлем кубогында үш алтын иеленді

Бокс 3 сағат бұрын

Финалдағы камбэк: Қазақстан алғашқы Әлем кубогында үш алтын иеленді

Әлем кубогы: Жазира Орақбаева алтын жүлде жеңіп алды

Бокс 3 сағат бұрын

Әлем кубогы: Жазира Орақбаева алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы жарысты сәтті аяқтады

Басқа 5 сағат бұрын

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы жарысты сәтті аяқтады