3 күн бұрын
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты финалы басталады

Фото: «Арлан» хоккей клубы
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты финалындағы ойындар сериясы басталады.
Финалда өскемендік «Торпедо» мен көкшетаулық «Арлан» кездеседі.
Жартылай финалда «Торпедо» өзбекстандық «Хумо», «Арлан» арағандылық «Сарыарқаны» қапы қалдырды.
«Торпедо» Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде 40 кездесуден кейін 58 ұпай жинап, екінші орын алды.
«Арлан» Қазақстан чемпионаты тұрақты кезеңінде жеңімпаз атанған еді. Владимир Маркеловтің шәкірттері 36 ойыннан кейін 59 ұпай жинады.
