6 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританиядан жеңілді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық кездесуде Ұлыбританиядан жеңіліп қалды.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Енді ел құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында сынға түседі. Ойындар 9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтеді.
Қазақстан хоккей федерациясы мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы IA дивизионына жолдама алу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словениямен бақ сынайды.
Олар 9 сәуірде Оңтүстік Корея, 10 сәуірде Италия, 12 сәуірде Ұлыбританиямен шеберлік байқасады. Одан кейін 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен ойнайды.
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды. Оған 3 қақпашы мен 20 ойыншы енгізілген.
Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі — «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай, (барлығы — «Томирис»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы — «Айсұлу»), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо»)
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы (барлығы — «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы — «Томирис»).
