22 сағат бұрын

Қазақстандық хоккей құрамасы үшін жолдаманың ауылы алыстады

Қазақстандық хоккей құрамасы үшін жолдаманың ауылы алыстады

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында үшінші ойынында Ұлыбританияға есе жіберді.

Тарбысты өткен кездесуде ұлыбританиялық хоккейшілер жауапсыз екі гол соғып кетті. Осылайша отандастарымыз қарсыласына 0:2 есебімен жол беріп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.

Қазір турнир кестесінде үш турдан кейін тоғыз ұпаймен Италия көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы Латвияның - 6, Оңтүстік Кореяның - 5, Ұлыбританияның - 4, Қазақстанның - 3 ұпайы бар. Әзірге Словения ұпай еншілеген жоқ.

IA дивизионына аталған топтан жалғыз жолдама беріледі. Қазақстандық хоккейшілер үшін жолдаманың ауылы алыстап барады.

Енді қазақстандық хоккейшілер 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.

Ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.

Еске салсақ, ел құрамасы бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Италияға 0:2 есебімен есе жіберген еді.

Ақтауда каратэ спортынан Қазақстан чемпионат мәресіне жетті

Футбол 7 сағат бұрын

Ақтауда каратэ спортынан Қазақстан чемпионат мәресіне жетті

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Латвиядан жеңілді

Хоккей 7 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Латвиядан жеңілді

VI Жастар ойындары: Гандболдан жаңа чемпион анықталды

Басқа 8 сағат бұрын

VI Жастар ойындары: Гандболдан жаңа чемпион анықталды

Килиан Мбаппе «Реал» сапындағы алғашқы қызыл қағазын алды

Футбол 8 сағат бұрын

Килиан Мбаппе «Реал» сапындағы алғашқы қызыл қағазын алды

«Бразилиялық футзалшыларсыз күніміз қараң»: Жанкүйерлер ұлттық құраманы сынға алды

Футзал 8 сағат бұрын

«Бразилиялық футзалшыларсыз күніміз қараң»: Жанкүйерлер ұлттық құраманы сынға алды

Милад Карими әлем кубогында топ жарды

Басқа 8 сағат бұрын

Милад Карими әлем кубогында топ жарды