2 күн бұрын
Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Латвиядан жеңілді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында үшінші мәрте жеңіліп қалды.
Қазақстандық хоккейшілер төртінші ойында Латвиямен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында олардың қатарынан Мунира Саяхатқызы 26, Мәдина Тұрсынова 29, София Зубкова 31-минутта үш гол соқты. Оған латвиялық хоккейшілер жеті шайбамен жауап берді.
Ел құрамасы қарсыласына 3:7 есебімен есе жіберді.
Қазірге дейін Италия (0:2) мен Ұлыбританиядан (0:2) жеңіліп қалса, Оңтүстік Кореядан (4:2) басым түсті.
Төрт турдан кейін Италия -12, Латвия - 9, Оңтүстік Корея - 5, Ұлыбритания - 4, Қазақстан - 3 ұпай еншіледі. Әзірге Словенияның қоржыны бос.
Енді қазақстандық хоккейшілер 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.
Ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.
