10 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді 

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді 

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында бесінші ойынын Словенияға қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер басымды танытты. Дегенмен бірінші кезеңде қарсылас қақпасына небәрі бір ғана шайба енгізді. Оны Екатерина Куценко 12-минутта өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қатарынан бес шайба соқты. Ел құрамасынан Дария Молдабай 25, 36, Анна Пяткова 33, Пернеш Әшімова 35, Александра Воронова 37-минутта мергендік танытты.

Ал үшінші кезеңде қазақстандық Анастасия Оразбаева 44, Татьяна Королева 48-минутта гол соқса, Екатерина Куценко 59-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.

Қазақстандық хоккейшілер аталған турнирді төртінші орынмен аяқтады. 

Ел құрамасы бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Италия мен Ұлыбританиядан 0:2, Латвиядан 3:7 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.

Килиан Мбаппеге қатысты төрешілер шешімі шықты

Футбол 6 сағат бұрын

Килиан Мбаппеге қатысты төрешілер шешімі шықты

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

Футбол 6 сағат бұрын

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Хоккей 6 сағат бұрын

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Жанкүйерлер Қазақстан футолындағы ойын сәттеріне қатысты мәлемдемемен таныса аалады 

Футбол 7 сағат бұрын

Жанкүйерлер Қазақстан футолындағы ойын сәттеріне қатысты мәлемдемемен таныса аалады 

Қазақстан кубогының фавориті кім?

Футбол 9 сағат бұрын

Қазақстан кубогының фавориті кім?

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді 

Хоккей 10 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді