15.04.2025

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Фото: «Арлан» хоккей клубы

Көкшетаулық «Арлан» шайбалы хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. 

Көкшетаулық команда Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысының финалдық кезеңінде төртінші ойын қатарынан өскемендік «Торпедодан» басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Алғашқы кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол сала алған жоқ. Ойынның 38-минутында Степан Санников «Арланды» алға шығарса, Владислав Никулин 39-минутта басымдықты арттырды.

Оған ұшінші кезеңде «Торпедо» сапынан Максим Базанов бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Арлан» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, биылғы чемпионатта жеңіс тұғырына көтерілді

Көкшетаулық клуб бұдан бұрын аталған қарсыласынан үш мәрте (3:2, 6:3, 9:2) басым түскен еді. 

Қазақстан чемпионаты 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін жеңімпаз атағына өскемендік «Торпедо» 13 мәрте ие болса, одан кейін «Бейбарыс» (Атырау) - 4, «Ертіс» (Павлодар) мен «Сарыарқа» - 3, «Барыс» (Астана), «Номад» (Астана), «Арлан» (Көкшетау) -2,«Қазақмыс» (Сәтпаев) пен «Болат» (Теміртау) -1 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.


Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Футбол 1 сағат бұрын

Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық төрт боксшы сайысқа түседі

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық төрт боксшы сайысқа түседі

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді

Футзал 2 сағат бұрын

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді

Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы

Теннис 11 сағат бұрын

Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы

4 жеңіс, 1 жеңіліс: Әлем кубогының алғашқы күні қалай өтті?

Бокс 11 сағат бұрын

4 жеңіс, 1 жеңіліс: Әлем кубогының алғашқы күні қалай өтті?

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді

Футбол 16 сағат бұрын

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді