2 күн бұрын

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияны жеңді

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияны жеңді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығы алдында Венгриямен жолдастық кездесу өткізді. 

Кездесу барысында біздің құрама сапынан Александр Симахин 2, Леонид Шакенов 9, Аристарх Киреев 21, Бексұлтан Мақыш 27, Әлішер Саркенов 40, Святослав Евплов 49-минутта мергендігімен көзге түссе, оған венгриялық құрама бір шайбамен жауап берді. 

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласынан 6:1 есебімен басым түсті.

Енді олар бүгін, 17 сәуірде Австриямен жолдастық кездесуде шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионының А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Венгрия, Словения, Австрия және Украина. 

Алдымен 20 сәуірде Словениямен кездессе, одан кейін 21 сәуірде Венгрия,23 сәуірде Дания, 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Бокс

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Дзюдо

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Сергей Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады

Бокс

Сергей Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Спорттық гимнастикадағы ерекше жетістік: спортшыларымыз әлем кубогында жүлде алды

Басқа

Спорттық гимнастикадағы ерекше жетістік: спортшыларымыз әлем кубогында жүлде алды