1 күн бұрын
Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?

Фото: pro.ligasy.kz
Көкшетаулық «Арлан» сапында Қазақстан чемпионы атанған Сергей Кудрявцев шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болады.
Элиталық дивизион құрамалары 9-25 мамыр аралығында Швецияның Стокгольм мен Данияның Хернинг қақаларында ойнайды. Қазақстан құрамасы херлингте Чехия, Швейцария, Дания, Норвегия, АҚШ, Германия және Венгрия құрамаларымен бір топта ойнайды.
Сергей Кудрявцев «Арлан» сапында Қазақстан чемпионы атанды. «Барыстың» негізгі қақпашылары Никита Бояркин мен Андрей Шутов жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды.
Көкшетаулық клубтың 30 жастағы қақпашысы плей-оффтың 11 матчында ойнады. Өз командасының жеңісіне үлкен үлес қосты.
Еске салсақк, 2017-2021 жылдарда Сергей Кудрявцев өз мансабын «Барыс» жүйесінде өткізіп, ҚХЛ-ның 25 матчында ойнаған. Содан кейін ЖХЛ-да «Южный Урал» командасында ойын көрсетті.
Өткен маусымда қақпашы Қазақстанға оралып, «Арланмен» келісімшартқа отырды.
