Өзбекстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ жарды

Өзбекстанның ерлер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының IV дивизионында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өзбекстан құрамасы бес ойынның төртеуінде ірі есеппен жеңіске жетті:
- Кувейтті — 13:3,
- Иранды — 20:0,
- Индонезияны — 26:1,
- Малайзияны — 18:3.
Тек Армения құрамасынан ғана буллит сериясында 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Нәтижесінде, 13 ұпай және 79:10 шайба айырмасымен Өзбекстан құрамасы дивизионда бірінші орынды иеленіп, IIIВ дивизионына жолдама алды.
Айта кетейік, турнирдегі басты бәсекелес — Армения құрамасы 12 ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты. Өзара кездесуде жеңіске жеткен армяндар кейіннен Кувейтке овертаймда 4:5 есебімен есе жіберіп, көшбасшылықты уысынан шығарып алды.
