21.04.2025
Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін Венгриямен кездеседі

Фото: Қазақстан хокккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Венгрияға қарсы өткізді.
Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Барлығында қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетті.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионының А тобында сынға түседі. Қарсыластары — Дания, Венгрия, Словения, Австрия және Украина.
Енді ел құрамасы 21 сәуірде Венгрия, 23 сәуірде Дания, 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер буллитен Словенияға 2:3 есебімен есе жіберді.
Бірінші турда Украина Венгрияны 7:1 есебімен жеңсе, Дания аустрияны 5:3 есебімен тізе бүктірді.
