10 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Данияға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Данияға есе жіберді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы бүгін әлем чемпионатындағы үшінші ойынын Данияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында даниялық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Лайнус Роуч есеп ашса, кқп ұзамай қазақстандық Аристарх Киреев таразы басын теңестірді.

Ал Оливер Ларсен қайтадан Данияны алға шығарса, қазақстандық Әлішер Саркеновтың голынан кейін қайтадан таразы басы теңесті. 

Үшінші кезеңде Дания құрамасы сапынан Оливер Ларсен тағы бір мәрте мергендігімен көзге түссе, Уильям Бундгард екі шайба соғып кетті.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды. 

Қазақстан - Дания 2:5 (0;0, 2:2, 0:3)

0:1 - 00:36 - Роуч. Л (Грин О, Якобсен Э) 

1:1 - 02:28 - Киреев А. (Cаркенов. А, Бақыт А)

1:2 - 08:08 - Ларсен О (Рорт Л, Фабер Н)

2:2 - 32:21 - Саркенов.А (Макыш Б, Нұржанов А.)

2:3 - 43:16 - Ларсен О (Рорт Л)

2:4 - 49:46 - Бундгард У (Кливое М, Гроссман А.) 

2:5 - 59:00 - Бундгард У (Рорт Л)

Қақпашылар: Алпысбаев - Уайльд А

Отандастарымыз бірінші дивизионның А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Дания, Мажарстан, Словения, Австрия және Украина.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Словенияға буллиттен 2:3 есебімен есе жіберсе, одан кейін Мажарстанды 4:0 есебімен тізе бүктірді. Турнир кестесінде төрт ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ 23 сәуірде аталған топта Украина Аустриядан 6:3, Словения Мажарстаннан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді ел құрамасы 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.

Данияр Елеусінов аңызға айналған бапкермен жаттығады

Бокс

Данияр Елеусінов аңызға айналған бапкермен жаттығады

Бекзат Саттархановтың бапкері шәкіртімен болған соңғы әңгімесін айтып берді

Бокс

Бекзат Саттархановтың бапкері шәкіртімен болған соңғы әңгімесін айтып берді

Асланбек Шымбергенов: Париж Олимпиадасында жеңілетінімді ішім сезді

Бокс

Асланбек Шымбергенов: Париж Олимпиадасында жеңілетінімді ішім сезді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Испаниядағы беделді турнирді жеңіспен бастады

Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Испаниядағы беделді турнирді жеңіспен бастады

Қос чемпион: Головкин мен Әлімханұлы кездесті

Бокс

Қос чемпион: Головкин мен Әлімханұлы кездесті

«Барыс» Гагарин кубогының иегерімен күш сынасады

Хоккей

«Барыс» Гагарин кубогының иегерімен күш сынасады