29.04.2025
Қазақстандық хоккейші ресейлік клубпен келісімшартын ұзартты
Фото: Максим Шмаков/ҚХЛ
Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы Валерий Орехов Ресейдің «Металлург» клубымен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін жарамды келісімге қол қойды.
Айта кетейік, Валерий Орехов «Металлург» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. 25 жастағы хоккейші магнитогорскілік ұжым сапындағы биылғы маусымда ҚХЛ-да 64 ойын өткізіп, 27 (10+17) ұпай жинады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи