6 сағат бұрын
Хоккейден Қазақстан құрамасы Астанада өтетін халықаралық турнирге қатысады

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы ертең, 1 мамырда Астана қаласында басталатын халықаралық Qazaqstan Hockey Open турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport12kz.
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Халықаралық турнирге еліміздің құрамасынан өзге Беларусь пен Ресей келеді. Қатысушылар топтық жүйе бойынша сайысқа түседі. Көп ұпай жинаған құрама турнирдің жеңімпазы атанады.
Ойындар кестесі:
1 мамыр. 17:00. Қазақстан - Ресей
2 мамыр. 18:00. Ресей - Беларусь
3 мамыр. 17:00. Қазақстан - Беларусь.
Бұл ұлттық құраманың 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы дайындығы аясында өткізіледі.
Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия.
Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Ал Швецияның Стокгольм қаласында болатын А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Дания мен Швецияда өтетін әлем чемпионатына дайындығын одан әрі жалғастырып жатқанын хабарлаған едік.
https://kaz.inform.kz/news/hokkeyden-kazakstan-kuramasi-alem-chempionatina-dayindigin-zhalgastirip-zhatir-20e307/
