4 сағат бұрын
Ресей бас бапкері Қазақстан сапындағы көшбасшыларды атады

«Ресей 25» құрамасының бас бапкері Роман Ротенберг «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Астанада өтетін турнир аясында Қазақстан құрамасына қарсы матчтың оңай болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ротенбергтің командасы 1 мамыр күні Қазақстан құрамасына қарсы алаңға шығады. Одан кейін 2, 5, 6 және 8 мамыр күндері Беларусь құрамасымен кездесулер өтеді. Бұл ойындар Астана, Тольятти және Минск қалаларында ұйымдастырылады.
— Қазақстан құрамасында Гагарин Кубогының жеңімпаздары, ҚХЛ чемпиондары бар. Бірнеше ойыншы — команда көшбасшылары. Бұл — жоғары деңгейлі, маңызды кездесу болатыны анық. Біз өз ойынымыздың ең жақсы деңгейін көрсетуіміз керек, — деді Ротенберг.
