15 сағат бұрын

Астанада өткен хоккей турнирінде Беларусь чемпион атанды

Астанада өткен хоккей турнирінде Беларусь чемпион атанды

Астанада өткен 1XBET Qazaqstan Hockey Open турнирінің екінші матчында Қазақстан құрамасы Беларусьпен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлады Sport12.kz

Бас бапкер Олег Болякин алаңға келесі құрамды шығарды: қақпашылар — Павленко (Әмірбеков); қорғаныс — Бекетаев-Метальников, Бреус-Гайтамиров, Михайлов-Данияр, Королев; шабуыл — Панюков-Лихотников-Асетов, Михайлис-Шестаков-Рымарев, Қайыржан-Өмірбеков-Савицкий, Мұратов-Волков-Мұхаметов; қосалқы шабуылшы — Оспанов.

Ойынның бірінші кезеңінде Беларусь құрамасы Александр Скореновтың шайбасының арқасында алға шықты. Ал екінші және үшінші кезеңдерде басымдықтарын сақтап, жеңісті жұлып әкетті. Соңғы секундтарда Вадим Мороз бос қақпаға шайба салып, матчтың нүктесін қойды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы кездесуінде Ресейдің 25 жасқа дейінгі жастар құрамасынан 1:4 есебімен жеңілген болатын.

Осылайша, Беларусь құрамасы екі жеңіске жетіп, 1XBET Qazaqstan Hockey Open турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстан құрамасы жарысты соңғы орынмен аяқтады.

Азия Чемпиондар лигасында кім топ жарғаны анықталды

Футбол

Азия Чемпиондар лигасында кім топ жарғаны анықталды

Дмитрий Бивол рингке қашан оралатындығын айтты

Бокс

Дмитрий Бивол рингке қашан оралатындығын айтты

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді

Бокс 12 минут бұрын

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді

Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев абсолютті әлем чемпиондығына таласады

Бокс 15 минут бұрын

Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев абсолютті әлем чемпиондығына таласады

Астанада алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Дзюдо 23 минут бұрын

Астанада алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Сауль Альварестің келесі қарсыласы белгілі

Бокс 45 минут бұрын

Сауль Альварестің келесі қарсыласы белгілі