4 сағат бұрын
Никита Михайлис Әлем чемпионаты алдындағы жағдайын айтты

«Металлург» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис өткен маусым туралы пікір білдіріп, алдағы мақсаттарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
— Маусым ауыр өтті: чемпиондық атақ, әлем чемпионаты, Олимпиадаға іріктеу, жиындар — бәрі физикалық тұрғыда шаршатты. Маусымның басын сәтсіз өткіздік. Жарақаттар кесірінен көп ұпай жоғалттық. Дегенмен, кейіннен жағдайды түзеуге тырыстық. Өкінішке қарай, плей-офф кезеңінде мықты қарсыласқа тап болдық. «Авангардқа» қарсы бірінші ойында өз алаңымызда ұтылып қалдық. Әдетте алғашқы ойында жеңіске жететінбіз. Келесі маусымда талаптар жоғары болады деп ойлаймын. Біз соған дайын болуымыз керек. Ал қазір барлық ойым — Қазақстан құрамасы мен алдағы әлем чемпионаты туралы, — деді Михайлис.
— Әлем чемпионатының финалында кіммен ойнағыңыз келеді?
— Қазақстан мен Канада. Әрине, басты мақсат — мүмкіндігінше көп матчта жеңіске жету. Элиталық дивизионда қалу — ең төменгі меже. Біз бұл деңгейде бесінші жыл қатарынан ойнап келеміз, — деп қосты ол.
