6 сағат бұрын
Еліміздегі ең кедей хоккей клубтары анықталды

Қазақстанның хоккей чемпионатындағы ең аз бюджетке ие клубтар ретінде павлодарлық «Ертіс» пен Астананың «Nomad» командасы танылды, деп хабарлады Sport12.kz
Telegram-арнасы «Дядя Ваня» келтірген деректерге сәйкес, «Ертістің» бюджеті — 448 миллион теңге, ал «Nomad» клубының қаржысы — 446,4 миллион теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштер оларды лигадағы ең төмен қаржыландырылатын клубтар қатарына қосып отыр.
Салыстыру үшін: орта деңгейлі клубтардың бюджеті бұлардан шамамен екі есе жоғары. Мәселен, «Алматы» ХК — 850 миллион теңге, ал «Горняк» (Рудный) — 708,2 миллион теңге шамасында қаражат алады. Чемпионат көшбасыларының бюджеті тіпті үш есе артық: «Актобе» — 1,86 миллиард теңге, «Арлан» (Көкшетау) — 1,212 миллиард теңге.
Айта кетейік, хоккей клубтарының бюджеті облыстық қазына мен демеушілердің келісімшарттары арқылы қалыптасады.
