5 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты алдында Словениямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ойын Швецияның Уппсале қаласында болды. Кездесу Словения құрамасының 3:2 есебімен сенсациялық жеңісімен аяқталды.

Матч барысында қазақстандық хоккейшілер 2:0 есебімен алда тұрған еді. Ел құрамасынан Кирилл Панюков (21-минут) және Аркадий Шестаков (31-минут) мергендік танытты.

Одан кейін словениялық хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Бұл голдарды Филип Ситар (37-минут), Матич Торок (44-минут) және Рок Капел (53-минут) өзінің еншісіне жазды.

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, екеуінде словениялық құрама басым болды.

Енді отандастарымыз 7 мамырда Данияның Хернинг қаласына жетеді. Онда В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. 

Ел құрамасы 10 мамырда алғашқы ойынын сағат 15:20-да Норвегияға қарсы өткізеді.

Словения құрамасы Швецияның Стокгольм қаласында А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франциямен шеберлік байқасады.

«Интер» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

Футбол 1 сағат бұрын

«Интер» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

Еліміздегі ең танымал үздік 10 спорт түрі қандай?

Басқа 2 сағат бұрын

Еліміздегі ең танымал үздік 10 спорт түрі қандай?

Хоккейден Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды

Хоккей 5 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды

Хоккейден Гагарин кубогы финалында кімдер кездеседі?

Хоккей 5 сағат бұрын

Хоккейден Гагарин кубогы финалында кімдер кездеседі?

Қайрат Нұрдәулетов: клубтық орталықтарда балалар бапкеріне аз жалақы төлейді

Футбол 5 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов: клубтық орталықтарда балалар бапкеріне аз жалақы төлейді

«Астана Ж» тағы да қарсыласын аямады: Екінші лиганың кезекті туры басталды

Футбол 5 сағат бұрын

«Астана Ж» тағы да қарсыласын аямады: Екінші лиганың кезекті туры басталды