07.05.2025

Мейірім Нұрсұлтанов Әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтаса ма?

Мейірім Нұрсұлтанов Әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтаса ма?

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 KO) шығуы тиіс, деп хабарлайды Sport12.kz сайты.

Бұл шешімді WBC ұйымы ақпан айының соңында, Адаместің британдық Хамза Ширазбен тең аяқталған жекпе-жегінен кейін бірнеше күннен соң қабылдаған болатын.

Чемпион мен үміткер тараптарына келіссөз жүргізу үшін 6 мамырға дейін уақыт берілген еді. Алайда бұл мерзім ішінде нақты келісімге келу мүмкін болмаған.

Осы жағдайларды ескерген WBC келіссөздер мерзімін ұзартты. Ұйым тарапынан келіссөздердің оң бағытта жүріп жатқаны айтылып отыр.

Келісімге саудасыз қол жеткізу мүмкіндігі жоғары деп бағалануда. Ал жекпе-жектің өзі Premier Boxing Champions-тің жазғы шоуларының бірінде өтуі мүмкін.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас