8 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионаты: Швеция құрамасы Словакиядан басым түсті

Хоккейден әлем чемпионаты: Швеция құрамасы Словакиядан басым түсті

Шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

А тобында Швеция құрамасы Словакиямен шеберлік байқасты. Кездесу барысында швециялық хоккейшілер белсенділік көрсетті. Алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлген олар бірінші кезеңнің өзінде қарсыластар қақпасын үш мәрте дәл көздеп үлгерді. Бұл голдарды Микаэль Баклунд 11, Лео Карлссон 18, Юнас Бродин 19-минутта өзінің еншісіне жазды.

Ал Элиас Линдхольм 38-минутта мергендік танытса, 57-минутта Мика Зибанеджад қорытынды есепті белгіледі.

Қарсыласынан 5:0 есебімен басым түскен швециялық хоккейшілер өз тобында бірінші орынға көтерілді.

Ал В тобындағы АҚШ пен Дания кездесуінде де америкалық құраманың басымдығымен дәл осындай есеп тіркелді. Олардың қатарынан Каттер Готье 17, Логан Кули 23, Мэтти Бенирс 28, 56, Мэйсон Лорей 49-минутта мергендік танытты.

Айта кетсек, бұдан бұрын А тобында Финляндия Австрияны 2:1, В тобында Чехия Швейцарияны овертаймда 5:4 есебімен тізе бүктірді.

Енді бүгін А тобында Словения мен Канада, Швеция мен Австрия, Франция мен Латвия, В тобында Норвегия мен Канада, Германия мен Венгрия, Дания мен Швейцария ойнайды.

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Футбол

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

47 жыл бойы бұзылмаған Қазақстан рекорды жаңарды

Жеңіл атлетика 2 сағат бұрын

47 жыл бойы бұзылмаған Қазақстан рекорды жаңарды

ҚПЛ: Бүгінгі ойындарға кімдер қазылық етеді?

Футбол 3 сағат бұрын

ҚПЛ: Бүгінгі ойындарға кімдер қазылық етеді?

2026 жылғы Олимпиада алауы қашан тұтанатыны белгілі болды

Басқа 3 сағат бұрын

2026 жылғы Олимпиада алауы қашан тұтанатыны белгілі болды

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді жартылай финалдан аяқтады

Теннис 4 сағат бұрын

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді жартылай финалдан аяқтады

Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды

Басқа 4 сағат бұрын

Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды