4 сағат бұрын
Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы алғашқы ойынын бүгін Норвегия құрамасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның 5-минутында норвегиялық Йоханнес Йоханнесен 5-минутында есеп ашып кетті. Олар есепті ұлғайтуға тырысты. Есесіне кейбір сәтте қазақстандық хоккейшілер таразы басын теңестіретін мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.
Екінші кезеңде қос қарсылас тартысты ойын өткізді. Осындай сәттің бірінде Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко 25-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ойынның 52-минутында ел құрамасынан Владимир Волков қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Қазақстан құраамсы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2021 жылғы оныншы орын.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды.
Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 11 мамырда сағат 19:20-да Германияға қарсы өткізеді.
