5 сағат бұрын
Олег Болякин: Норвегияның агрессивті ойнайтынын білдік

Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин Хернинг қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы кездесуіндегі Норвегияға қарсы ойынға баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz
— Біз қарсыласымызды мұқият талдадық. Олардың Латвиямен өткізген жолдастық матчын қарап шықтық. Норвегиялықтардың агрессивті ойнайтынын білдік. Сондықтан жігіттерден дәл сондай қарқын талап еттік. Ойынға бірден кірісе алмадық. Бірақ Артём Королёвтың күш қолданған сәті команданың рухын көтеріп, жігерлендіріп жіберді. Кейін тартысты ойын басталды. Екінші кезеңнің алғашқы жартысы біздің қолымызда болды. Дегенмен, кейде тәртіп бұзушылықтар кедергі болды. Қақпашы Максим Павленко бірнеше рет керемет сейв жасап, команданы құтқарды. Ол — адал әрі жанкешті қақпашы. Жеңдік. Енді алға жылжимыз, — деді Болякин.
Жаңа ойыншылар туралы пікір:
— Әлем чемпионатындағы дебютанттардың ойыны жаман емес. Қазақстан чемпионатының матчтарына арнайы барып, үміткерлерді қарап шықтым. Волков құрамда он үшінші шабуылшы ретінде болғанымен, ойынға жақсы кірісіп кетті. Колесников – мықты. Павленко әлем чемпионаты алдындағы турнирде сенімді ойнады.
Плей-оффқа шығу туралы:
— «Бақыт — тыныштықты ұнатады» деген сөз бар. Қазір ойыншылардың қалпына келуі маңызды. Ертең бізді күшті қарсылас күтіп тұр. Әр кездесуде ойынымызды жетілдіруіміз керек, — деп қорытындылады Олег Болякин.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы матчында Норвегияны 2:1 есебімен жеңіп, сәтті бастады.
