4 күн бұрын
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ойынына неше жанкүйер барды?

Шайбалы хоккейден Хернингте (Дания) өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойында Германияға есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан - Германия 1:4
Соққылар статистикасы: 21:33
Шайбалар:
1:0 — 03:05 - Никита Михайлис (Шестаков)
1:1 — 13:09 - Максималиан Кастнер (Ехл, Сейдер)
1:2 — 34:53 - Вожтек Стачовиак (Кахун, Шутц)
1:3— 41:49 - Лукас Райхель (Тиффелс, Каебл)
1:4 — 45:33 - Лукас Каебл (Ехл, Кастнер)
Қандай жайттар тіркелді?
- Никита Михайлис әлем чемпионатындағы алғашқы голын соғып, элиталық дивизиондағы шайба көрсеткішін 9-ға жеткізді.
- Матчты 4 377 көрермен тамашалады.
- Қазақстан сапынан үздік ойыншы ретінде Никита Михайлис танылды.
Енді жерлестеріміз 13 мамыр күні Бірінші дивизионнан көтерілген Венгриямен күш сынасады.
