4 күн бұрын

Олег Болякин: шешімдерді жылдамдырақ қабылдау қажет

Олег Болякин: шешімдерді жылдамдырақ қабылдау қажет

Хернингте өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының топ-дивизионы аясындағы Германиямен өткен кездесуден кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері ойынға баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

– Германия — шеберлігі жоғары, сырғанауы жақсы жолға қойылған команда. Біздің басты қателігіміз — шаршаған сәттерде өз аймағымыздағы маңызды секторларды бос қалдырып, сол жерлерден шайба өткізіп алдық. Екінші гол мүлде қажетсіз болды. Бұл команданың рухына әсер етті. Үшінші кезеңде шабуыл жасап, мүмкіндік туғызғанымызбен, оны голға айналдыра алмадық.

Бізде шебер ойыншылар көп емес. Сондықтан барынша жанкештілікпен, тәртіппен ойнауымыз керек. Бүгін біз көп шайқастарда ұтылдық, бейтарап шайба үшін де күрес нашар болды. Көпшілікте ойнағанда шайбаны бақыладық. Алайда шабуылды нәтижелі аяқтау жетіспеді. Кеше шабуылды жақсы ұйымдастырып, шайбаны қақпа алдында алып, гол соқтық. Ал бүгін жақсы позицияға шыққанымызбен, қарсылас тез жауып тастады. Шешімдерді жылдамырақ қабылдау қажет.

Енді толық бір күн демалыс болады. Командаға қайта жүктелу керек. Алда Венгриямен матч тұр. Бұл — жай ғана жеңіс сыйлай салатын команда емес, еңбекқор ұжым. Топ-дивизионда әлсіз қарсылас жоқ, – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Германиямен өткен ойында 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионаты: Қазақстан таэквондо құрамасы екінші орыннан көрінді

Басқа 21 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан таэквондо құрамасы екінші орыннан көрінді

Қазақстан әйелдер құрамасы – пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо 43 минут бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасы – пара дзюдодан әлем чемпионы

Әлем чемпионаты: Қазақстан пара дзюдодан ерлер құрамасы алтынға таласады

Дзюдо 48 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан пара дзюдодан ерлер құрамасы алтынға таласады

Волейбол: «Ақтөбе» Азия Чемпиондар лигасының ширек финалында сүрінді

Басқа 54 минут бұрын

Волейбол: «Ақтөбе» Азия Чемпиондар лигасының ширек финалында сүрінді

Олег Болякин: Біз әлі де күресеміз

Хоккей 2 сағат бұрын

Олег Болякин: Біз әлі де күресеміз

Пара дзюдодан ерлер құрамасы финалға жолдама алды

Дзюдо 2 сағат бұрын

Пара дзюдодан ерлер құрамасы финалға жолдама алды