8 сағат бұрын
Әлем чемпионатында хоккейші қолын сындырып алды

Фото: Emma Wallskog / Keystone Press Agency / Globall Look Press
Хоккейден Словакия құрамасының қорғаушысы Михал Иван жарақатына байланысты қатардан шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аустриямен (2:3, булиттен кейін) өткен матчта Иван қарсыластың соққысына тосқауыл қою барысында қолын сындырып алды.
Осыған байланысты хоккейші жаһандық доданың қалған ойындарына қатыса алмайды.
Словакия құрамасы 3 ойыннан кейін 4 ұпай жинап, А тобында төртінші орында келеді. Енді олар ертең, 14 мамырда Франциямен күш сынасады.
Айта кетейік, Швеция мен Данияда өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілігі 25 мамырға дейін жалғасады.
