6 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: АҚШ хоккей құрамасы Германияны жеңді

Әлем чемпионаты: АҚШ хоккей құрамасы Германияны жеңді

Фото: Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында 17 мамырдағы алғашқы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

А тобында Финляндия мен Латвия шеберлік байқасты. Кездесу барысында қарсыластар тартысты ойын өткізді. 

Бірінші кезеңде олар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде 27-минутта Юусо Пярссинен есеп ашса, одан кейін Микко Лехтонен 50-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған латвиялық Родриго Аболс 55-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша Финляндия құрамасы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 11 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Ал В тобында АҚШ құрамасы Германиядан 6:3 есебімен басым түсті. 

Ойын барысында АҚШ сапынан Тейдж Томпсон 1, Фрэнк Назар 9, Дрю О'Коннор 14-минутта мергендік танытты. Одан кейін германиялық құрамадан Эрик Мик 28, Йонас Мюллер 34, Войцех Стаховяк 35-минутта гол соғып, таразы басы теңесті.

Десе де үшінші кезеңде АҚШ хоккейшілері тағы да үш мәрте гол соғып кетті. Олардың қатарынан Конор Гарланд 44, Логан Кули 56, Клейтон Келлер 58-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Енді бүгін В тобында 19:20-да Қазақстан мен Чехия, 23:20-да Дания мен Норвегия шеберлік байқасады.

Ал А тобында 19:20-да Франция мен Швеция, 23:20-да Канада мен Словакия ойнайды.

Олег Болякин: қорғаныстағы ойыншылар өз міндеттерін атқаруы тиіс

Хоккей 2 сағат бұрын

Олег Болякин: қорғаныстағы ойыншылар өз міндеттерін атқаруы тиіс

ҚПЛ: «Тобыл» мен «Ордабасы» кездесуі кейінге шегерілуі мүмкін

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тобыл» мен «Ордабасы» кездесуі кейінге шегерілуі мүмкін

Бес дүркін Олимпиада чемпионы есірткіге тәуелді болғанын мойындады

Басқа 6 сағат бұрын

Бес дүркін Олимпиада чемпионы есірткіге тәуелді болғанын мойындады

Қазақстандық қос гимнасшы Challenge Cup турнирінде жүлде алды

Басқа 6 сағат бұрын

Қазақстандық қос гимнасшы Challenge Cup турнирінде жүлде алды

«Ақтөбе» бір аптада үшінші рет жеңіске жетті

Футбол 6 сағат бұрын

«Ақтөбе» бір аптада үшінші рет жеңіске жетті

Олег Соколенко ат спортынан әлем кубогында 2 медаль жеңіп алды

Басқа 6 сағат бұрын

Олег Соколенко ат спортынан әлем кубогында 2 медаль жеңіп алды