15 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

Қазақстан хоккей құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында жерлестеріміз алтыншы ойынын әлем чемпионы АҚШ-қа қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан қақпасын әлем чемпионатындағы үшінші қақпашымыз Сергей Кудрявцев қорғады.

Алғашқы кезеңде жерлестеріміз қарсыластың әр қадамын бағып, үлгеруге тырысты. Тіпті соққы алмасуда да еш қалыспады. АҚШ соңғы минуттарда ойын жылдамдығын арттыра бастады. Бірақ тараптар тең есеппен тарқасты.

Екінші кезеңде АҚШ бірден басымдықты қолдарына алды. Тіпті отандастарымызға жарты алаңнан шығу қиындыққа соқты. Нәтиже ұзақ күттірмеді. 5 бірдей шайба салған қарсыластар кездесу тағдырын шешіп тастады.

Үшінші кезеңде Роман Старченко қақпашымен жеке дара шыққан еді. Алайда мүмкіндікті голға айналдыра алмады. Ал соңғы минутта Владимир Волков азшылықта есепті бір шайбаға қысқартты.

Қазақстан - АҚШ 1:6 (0:0, 0:5, 1:1)

Соққылар статистикасы: 17:38

0:1 – 26:58 – Фрэнк Назар (ЛаКомб, Ейсимонт)

0:2 – 31:46 – Джексон ЛаКомб (Назар, Маккаррон)

0:3 – 34:00 – Тейдж Томпсон (Буюм, Пинто)

0:4 – 34:58 – Мэттью Бениерс (Дилан)

0:5 – 39:04 – Майкл Кеселринг (Назар, Ейсимонт)

0:6 – 45:54 – Зак Веренски (Кеселринг, Келлер)

1:6 – 59:10 – Владимир Волков 

Қақпашылар: Кудрявцев – Свеймен

Енді Қазақстан топтағы шешуші ойында 20 мамыр күні әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Швейцариямен жолығады.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы алтын медаль қоржынға түсті

Футбол 1 сағат бұрын

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы алтын медаль қоржынға түсті

Бұрынғы спорт -вице министріне қатысты сот үкімі шықты

Басқа 2 сағат бұрын

Бұрынғы спорт -вице министріне қатысты сот үкімі шықты

Қазақстандық теннисші Болгарияда топ жарды

Теннис 2 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші Болгарияда топ жарды

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы туры өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы туры өтеді

Юлия Путинцева Франциядағы турнирде алысқа бармады

Теннис 3 сағат бұрын

Юлия Путинцева Франциядағы турнирде алысқа бармады

Бұрынғы UFC чемпионы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Бұрынғы UFC чемпионы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді