16 сағат бұрын
Хоккейден бас бапкер ірі жеңіліске қатысты пікір білдірді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Болякин АҚШ-пен өткен матчтан кейін пікір білдірді, деп жазады Sport12.kz
— Бірінші кезеңді оң деп айтуға болады. Егер ойыншылар дәл осындай жанкештілікпен, өздерін аямай, бапкерлердің тапсырмасын мүлтіксіз орындай отырып ойнайтын болса, жақсы нәтиже болады. Екінші кезең өте ауыр өтті. Қарсыластарымыз қарқынын арттырды. Бізде тағы да негізсіз шеттетулер көбейді. Қарсылас өз аймағымызда қамап тастады. Үшінші кезеңде жігіттерміз берілмеді. Қолдарын түсірмей, дұрыс әрекеттер жасай бастады. Сол арқылы шабуылдар құрып, бір гол соға алдық.
Екінші кезең — біздің «ең әлсіз тұсымыз». Біз кейбір аспектілерге жеткілікті көңіл бөлмедік. Мысалы, шабуыл кезіндегі ауыстыру — бұл негізгі фактор. Біздің ойыншылар шабуылда ұзаққа қалып қояды. Тәртіп бұзуға мәжбүр болады. Өйткені мұзда тым ұзақ уақыт жүреді. Чехиямен матчтан кейін бұл мәселені талдадық. Кейбір ойыншылар мұзда 50 секундтан бір минутқа дейін жүреді. Олар дер кезінде ауыса алмайды, жекпе-жектерде жеңіліп қалады. Осыдан кейін қарсылас артықшылыққа ие болады, — деді Болякин.
