3 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Норвегия хоккей құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Әлем чемпионаты: Норвегия хоккей құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында 19 мамырдағы ойындардың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

А тобында Канада құрамасы буллиттен Финляндияға 1:2 есебімен есе жіберді. Кездесу барысында каандалық Райан О'Райлли 37-минутта есеп ашса, Патрик Пуйстола 47-минутта таразы басын теңестірді.

Ал буллиттен Ээли Толванен жеңіс шайбасын соғып кетті.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Франция құрамасы Финляндияға 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

В тобында Германия Чехияға 0:5 есебімен есе жіберсе, тағы бір ойында Венгрия Норвегиядан 0:1 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.

Осылайша аталған топта Норвегия төрт ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Есесіне алғашқы турда олардан басым түскен Қазақстан құрамасы соңғы орынға түсіп қалды.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4), Данияға (1:5), Чехияға (1:8) есе жіберді.

Енді бүгін, 20 мамырда жетінші тур ойындары өтіп, топтық кезеңдегі қорытынды нәтиже белгілі болады. 

А тобында Латвия мен Аустрия, Словакия мен Финляндия, Швеция мен Канада ойнаса, В тобында Швейцария мен Казахстан, Чехия мен АҚШ, Германия мен Дания шеберлік байқасады.

Юрген Клопп бапкерлік қызметке оралады

Футбол 1 сағат бұрын

Юрген Клопп бапкерлік қызметке оралады

Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Дзюдо 2 сағат бұрын

Дзюдодан әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Анатолий Поляченков пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Анатолий Поляченков пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты: Норвегия хоккей құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Хоккей 3 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Норвегия хоккей құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

«Ролан Гаррос»: Александр Шевченко іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Теннис 4 сағат бұрын

«Ролан Гаррос»: Александр Шевченко іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Хоккейден әлем чемпионатындағы сенсация: алғашқы аутсайдер белгілі

Хоккей 12 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионатындағы сенсация: алғашқы аутсайдер белгілі