8 сағат бұрын

Олег Болякин әлем чемпионатын қорытындылады

Олег Болякин әлем чемпионатын қорытындылады

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері команда 2025 жылғы әлем чемпионатында барынша тырысқанын айтып, турнирден кейінгі ойын мен жалпы жағдайға баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz

– Ойыншыларға кінә тағуға негіз жоқ. Олар қолдарынан келгенін істеді, барынша күресті. Бір голмен жеңіске жету қиын.
Команданың функционалдық жағдайы көңіл көншітпейді. 2-ші және 3-ші кезеңдерде шаршау байқалады. Дегенмен, жігіттерге алғысымды айттым. Бұл өмірдегі соңғы сәт емес. Егер бірінші дивизионға түсіп қалсақ, онда қайта оралу үшін жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін не қалайтынымызды түсініп, соған қарай әрекет етуіміз қажет.
Жауапкершілік әрқашан бапкерден сұралады. Мен бұдан қорықпаймын, жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бірақ бәрін тек жаттықтырушыларға артып қою дұрыс емес. Ойыншылар да жауап беруі тиіс. Біз кәсіби түрде жұмыс істедік, тырыстық, сендірдік, дайындықты шын ниетпен өткіздік. Алайда алаңға шығатын – ойыншылар. Сондықтан оларға да сұрақтар болуы керек, – деді бапкер.


«Қайрат» Чемпиондар лигасында кіммен кездесуі мүмкін?

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайрат» Чемпиондар лигасында кіммен кездесуі мүмкін?

Елена Рыбакина Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис 7 сағат бұрын

Елена Рыбакина Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

Олег Болякин әлем чемпионатын қорытындылады

Хоккей 8 сағат бұрын

Олег Болякин әлем чемпионатын қорытындылады

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында қандай көрсеткіштер тіркеді?

Хоккей 9 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында қандай көрсеткіштер тіркеді?

12 боксшы - финалда: Қазақстандық қыздар бас жүлдеге таласады

Бокс 10 сағат бұрын

12 боксшы - финалда: Қазақстандық қыздар бас жүлдеге таласады

Қазақстан хоккей құрамасы бес жылдан кейін бірінші дивизионда ойнайтын болды

Хоккей 10 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы бес жылдан кейін бірінші дивизионда ойнайтын болды