8 сағат бұрын
Хоккейден Әлем чемпионаты: Ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден 2025 жылғы Әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың келесі сатысына шыққан барлық команда анықталды. Енді 1/4 финалда Канада мен Дания, Швеция мен Чехия, АҚШ пен Финляндия, Швейцария мен Аустрия ойнайды.
Ширек финал ойындары 22 мамырға белгіленген. Жартылай финал 24 мамырда өтсе, 3-орын үшін кездесу мен финал 25 мамырда болады.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Қазірге дейін алты кездесудің іреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберіп қойды.
Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ-қа (1:6), Швейцарияға (1:4) есе жіберді.
Салдарынан алдағы жылы қазақстандық хоккейшілер бірінші лигада ойнайтын болды.
Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2021 жылғы оныншы орын.
