10 сағат бұрын
Хоккейден құрамалар рейтингі жаңарды: Қазақстан қай орында?

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден халықаралық федерация (IIHF) 2025 жылғы әлем чемпионатындағы топтық кезеңнен кейін құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Нәтижесінде, ел құрамасы 16 команданың ішінде Францияны артқа тастап, 15-орынға табан тіреді.
Жаһандық дода басталмай тұрып, Қазақстан 13-сатыда тұрған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында бар болғаны 3 ұпай жинап, В тобында соңғы орынға жайғасты. Осылайша, Олег Болякин шәкірттері элиталық дивизионмен қош айтысты.
