4 сағат бұрын
Шайбалы хоккейден ӘЧ: бүгін ширек финал ойындары өтеді

Фото: news.sportbox.ru
Шайбалы хоккейден 2025 жылғы Әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы ширек финал ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Енді 1/4 финалда Канада мен Дания, Швеция мен Чехия, АҚШ пен Финляндия, Швейцария мен Аустрия ойнайды.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнады. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында өтті.
Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Барлығы кездесудің біреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберді.
Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ-қа (1:6), Швейцарияға (1:4) есе жіберді.
Салдарынан ұлттық құрама бірінші лигаға түсіп қалды.
Әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
