21 сағат бұрын

Дзюдо: Әлем чемпионатындағы мүмкіндіктеріміз қандай?

Дзюдо: Әлем чемпионатындағы мүмкіндіктеріміз қандай?

13-20 маусым күндері аралығында Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Венгрия мемлекеті араға 4 салып, қайта жаһандық доданы қабылдауға мүмкіндік алды. Сол сәтте Қазақстан сапынан 17 спортшы қатысып, тек 60 келіде Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болған. 4 жылдан кейін сол құрамнан Қазақстан атынан қайта Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев, Ерасыл Қажыбаев және Абиба Абужақынова бақ сынамақ.

2024 жылы Париж Олимпиадасының алдында Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем чемпионатында 48 келідегі Абиба Абужақынова ғана қола жүлдені жеңіп алды. Ал 60 келіде Елдос Сметов қола жүлде үшін белдесуде жапондық Таики Накамураға есе жіберген еді. 

1993 жылдан бері жаһандық додаға қатысып келе жатқан Қазақстан өз тарихында 2 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль иеленген. 2009 жылы 100 келідегі Максим Раков тұңғыш рет әлем чемпионы атанса, 2015 жылы Астана төрінде 60 келідегі Елдос Сметов топ жарды.

Биылғы бәсекеде құрама сапында 2 әлем чемпионатында қола жүлде алып үлгерген, 48 келідегі Абиба Абужақыноваға жүк артылатыны сөзсіз. Бұл салмақтағы басты қарсыластардың тізіміне Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ширин Букли (Франция), Тара Бабулфат (Швеция), 3 жыл бойы жүлде тұғырынан көрініп жүрген Ассунта Скутто (Италия), Вакана Кога (Жапония), Ганбаатар Наранцетцег (Моңғолия), Сабина Гилязова (бейтарап спортшы) қосуға болады. 

Астанадағы үлкен дулыға бәсекесінде 60 келіде 3 бірдей отандасымыз жүлде алған соң, көпшіліктің назары осы салмаққа аумақ. Біздің құрамадан Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов жүлдеге араласып көрмек. Шерзод үшін бұл дебют болса, Мағжан 2021 жылы дәл осы Венгрия төрінде жартылай финалға дейін жеткенімен, жүлдеге іліге алмай, 5-орынмен шектелген еді.

Биыл бұл салмақта басты фавориттердің тізімінде Париж Олимпиадасының финалында Елдосқа есе жіберген Лука Мхеидзе (Франция), Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Рюдзю Нагаяма (Жапония), Франсиско Гарригос (Испания), былтырғы әлем чемпионы Георгий Сардалашвили (Грузия), Ян Юнвэй (Тайпей) тұр.

66 келіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа да оңайға түспесі анық. Бұл салмақта 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэ (Жапония), былтырғы күміс жүлдегер Такеши Такеока (Жапония), Нурали Емомали (Тәжікстан), Денис Виеру (Молдова), Валид Хяр тосқауыл болмақ.

Өзге салмақтардан Абылайхан Жұбаназар (81 келі), жас болса да қайратты Максим Мейірлан, Марат Байкамуровтан (100 келі) жақсы белдесулер күтеміз.

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Бокс

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Дзюдо 8 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Дзюдо 11 сағат бұрын

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Дзюдо 11 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Дзюдо 12 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі

Дзюдо 12 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі