18 сағат бұрын

Мағжан Шамшадин дзюдодан Әлем чемпионатында Олимпиаданың қола жүлдегерін жеңді

Мағжан Шамшадин  дзюдодан Әлем чемпионатында Олимпиаданың қола жүлдегерін жеңді

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатын қазақстандық балуан Мағжан Шамшадин (60 келі) екінші белдесуінде испаниялық Францизко Гаригосты жеңіп кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мағжанның қарсыласы Олимпиаданың қола жүлдегері атанған еді.

 Мағжан алғашқы айналымда ол Дэвид Тераоны (АҚШ) жеңді. 

Сондай-ақ ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) сәтті бастады. Алғашқы айналымда ол бейтарап елдің өкілі Марина Воробьеваны «юко» әдісімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Ал ел құрамасынан Ғалия Тынбаева (48 келі) жарысты ерте аяқтады. 

Ол нидерландтық Эмбер Херсйэске есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Енді ел құрамасынан Шерзад Давлетов (60 келі) сайысқа түседі.

Сондай-ақ 14 маусымда Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) ел намысын қорғаса, 15 маусымда Есет Қуанов (72 келі) татамиге шығады. 

Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан елдің үздік 12 дзюдошысы бақ сынайды.

Дүбірлі додада 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.


«Елімай» қазақстандық ойыншыларды қатарына қосады

Футбол

«Елімай» қазақстандық ойыншыларды қатарына қосады

Дзюдо: Әлем чемпионатының екінші күнінде кім шығады?

Дзюдо 1 сағат бұрын

Дзюдо: Әлем чемпионатының екінші күнінде кім шығады?

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Бокс 3 сағат бұрын

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Дзюдо 14 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Дзюдо 16 сағат бұрын

 Мағжан Шамшадин әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Дзюдо 16 сағат бұрын

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты