18 сағат бұрын
Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин ширек финалда күреседі

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әбиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем чемпионатында 48 келіде жүлдеге таласып жатқан Әбиба Әбужақынова 1/8 финалда Луи Петиді (Бельгия) иппонға түсіріп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал 60 келідегі Мағжан Шамшадин 1/8 финалда Бельгия спортшысы Иорре Ферстрэтеннен айласын асырып кетті.
Енді оның келесі қарсыласы - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзю Нагаяма.
