19 сағат бұрын
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының фмналына шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әбиба Әбужақынова Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында күреседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық дзюдошы қыз (48 келі) әлемдік доданың жартылай финалында испаниялық Лаура Мартинес Абеленданядан ескерту саны бойынша басым түсті.
Осылайша, Әбиба Әбужақынова отандық тарихта алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан бірінші ару атанды.
Қос спортшы бұған дейін Париж Олимпиадасының 1/4 финалында жолығып, Лаура Мартинес Абеленданя вазари әдісімен жеңіп кеткен еді.
Айта кетейік, Әбиба бұған дейін әлем чемпионатында екі рет қола медаль жеңіп алған. Финалдық бәсекелер 21:00-де басталады.
Ал 60 келіде сынға түскен Мағжан Шамшадин жүлдесіз қалды. Қазақстандық палуан жұбаныш белдесуінде жергілікті палуанға есе жіберіп, қола үшін күресуге мүмкіндік ала алмады.
