20 сағат бұрын
Әбиба Әбужақынова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Дзюдодан Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлемдік додада 48 келі салмақтың мықтысы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақ қызы Әбиба Әбужақынова ақтық сында рейтингте бірінші орында тұрған италиялық Ассунто Скуттодан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, ол осы чемпионатта тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан тарихында дзюдошы қыздарымыз әлем чемпионатының финалына дейін жетпеген.
Еске сала кетейік, Әбиба Әбужақынова әлемнің екі дүркін қола жүлдегері.
